Біздің бөбекжайымызда «Мемлекеттік қызмет - болашақтың бейнесі» тақырыбындағы шығармашылық байқау аясында суреттер көрмесі өтті. Жас суретшілер болашаққа деген өз көзқарастарын, мемлекеттік қызметтің маңыздылығын және әрбір адамның еліміздің дамуына қосатын үлесін бейнелеген жұмыстарын зор ызығушылықпен ұсынды. Әрбір сурет жарқын, ерекше және балалардың қиялына толы болды.