Аналар мектебі “Анаммен бірге планетаны сақтаймыз” Раушан тобы


«Аналар мектебі» «Ананың рецепттер қоржыны» челленджі


Біздің балабақшамызда «Анашыммен бірге кітап оқу кеші» атты фотокөрме өтті. Бұл шара балалар мен ата-аналарды кітап оқуға деген сүйіспеншілік арқылы біріктірді. Аналар балаларымен бірге сүйікті кітаптарын оқып, жылы отбасылық сәттерімен бөлісті. Фотосуреттер шынайы, мейірім мен қамқорлыққа толы болды. Барлық аналарға белсенді қатысқандары және балалардың кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!


АНАЛАР МЕКТЕБІ! «Анаммен бірге қарлы драйв» челленджі


“Анамен бірге жаңа жылдық ойыншық” челленджі


«Аналар мектебі» Челлендж «Балалар! Қауіпсіз жол»


“Ана мамандық әлемінде”


Челлендж “Анам, мен және табиғат ғажайыптары”


«Әкемен бірге планетаны сақтайық» челленджі. Жидек тобы


«Әкеммен бірге әлемді танимын» атты челлендж. «Балдырған «тобы.


Әкелер мектебінің жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру нұсқаушысы Нұржанова Т. С. таза ауада қызықты әрі мазмұнды ойын-сауық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты — ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қазақ халқының дәстүрлеріне деген қызығушылықты қалыптастыру және балалардың дене қасиеттерін дамыту.
Бағдарламаға тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен қауіпсіздік талаптары ескеріліп ұйымдастырылған қазақтың ұлттық ойындары енгізілді. Әкелер балаларымен бірге жарыстарға белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ жетістіктерге қуанды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалардың коммуникативтік дағдыларының, ұжымшылдық сезімінің дамуына және отбасылық әрі ұлттық құндылықтарға құрметінің қалыптасуына ықпал етті.


Челлендж «Әкеммен бірге - қызықтанимыз, өсеміз, ойнаймыз»


КМҚК «№51 бөбекжайы» балалар мен әкелерді біріктірген «UARO құрастыр» атты отбасылық робототехника турниры өтті.
Қатысушылар UARO конструкторынан қарапайым модельдерден бастап, «Робот-дос» пен электромоторы бар «Жедел жәрдем» үлгілерін құрастырды. Іс-шара балалардың танымдық қызығушылығын, логикалық ойлауын және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Барлық балаларға қатысу дипломдары, ал әкелерге белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс хаттар табысталды.


«Әкеммен бірге жасаймыз»


ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ. Челлендж «Менің баламның салауатты күнінің сыры». Балдырған тобы


Фотокөрме «Әкем және мен табиғат әлемінде». Фотовыставка «Папа и я в мире природы» Жұлдызша тобы


Біздің отбасымыздың ең жақсы сәттері

Біздің елімізде адамгершілік және рухани құндылықтарды тәрбиелеудегі негізгі іргетас - отбасы. «Отбасы күні» мерекесі аясында «Үндестік» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы біздің балабақшада «Біздің отбасымыздың ең жақсы сәттері!» фотокөрмесі өтті.Фотокөрме мейірімділікке, жағымды эмоцияларға және отбасының үй жылулығына толы болды. Әр топта тәрбиеленушілердің отбасыларындағы ең есте қаларлық сәттердің фотосуреттері бар шағын стендтер ұйымдастырылды. Ата-аналар фотокөрме құруға белсенді қатысты, ал балалар фотосуреттерге қарап, бір - біріне отбасы туралы айтты. Балабақшада өткізілетін мұндай іс - шаралар балаларда «Отбасы» ұғымын, біздің Қазақстан қоғамындағы рухани және адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу үшін «Тәрбиеші – бала-ата - ана» тандемін біріктіреді.