Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет сияқты қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде, оның бүкіл тыныс - тіршілігін, жан дүниесін жадырататын аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. Хабардарлық апталығы аясында «Балапан» және «Қарлығаш» топтарының балаларына, «Біз өзгешеміз, бірақ біз біргеміз» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, әңгімелер айтылды. Апталықтың мақсаты, балаларды мұқтаж және әлсіз адамдарға көмектесуге, жақындарына қамқорлық жасауға, күн сайын жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Екі топ балаларымен «Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз» атты бірлескен ұжымдық жұмыс жасалды. "Мейірімділік" ұғымы көп қырлы.