Ағымдағы жылғы 20 сәуірде Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Antykor Ortalygy" сервистік орталығының базасында Департамент қызметкерлерінің, "Adaldyk Alany" жобалық кеңсесі мамандарының, облыс қоғам қайраткерлерінің және Қостанай қаласы балабақшаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерінің кездесуін өткізді.
Департамент қызметкерлері бөбекжай өкілдерін №4 үлгілік базалық бағытпен және өңір аумағында комплаенс-қызметтерінің жұмыс қағидаттарын іске асырудың негізгі тетіктерімен таныстырды.
Сондай-ақ, кездесу барысында "Әділ Жолы" ҚБ басшысы А.Байлин сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаттарын түсіндірді, өз кезегінде жобалық кеңсенің маманы П. Павлина комплаенс-офицерлерді 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың негізгі ережелерімен таныстырды.
Кездесу барысында алынған ақпаратты офицерлер ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін қабылдады.
https://sad51-kst.edu.kz/kz/zhanaly-tar/506-y-ty-sauattyly-ty-zh-ne-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-arttyru.html#sigFreeId2f63154833