Наурыз мейрамы - қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Наурыз келісімен табиғатта бәрі жаңарады, күн жылиды, жер көктейді, мал төлдейді. Наурыз мейрамында қазақтың ұлттық ойындары ойналып, наурыз көже даярланады, дастархан жайылады. Адамдар бір - біріне жақсы тіліктер айтып, игі ниеттерін білдереді.

Қазақ халқының осынау керемет мейрамы жайлы бөбекжай бүлдіршіндеріне таныстыру мақсатында «Наурыз достарын шақырады» тақырыбы бойынша қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.  Бұл оқу іс - әрекетінің негізгі мақсаты балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. 

Осы оқу қызметі барысында балалар елімізде наурыз қалай тойланатыны, қазақтың ұлттық тағамдары мен ойындары жайлы ақпарат алды. Балалар «Сақина жасыру» ұлттық ойынын үлкен қызығушылықпен ойнады. Қазақ тілін түсіну, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында мнемокестелермен жұмысты орындады.