«Егер сізде бірдеңе ауырса, Айболит сізге көмектеседі»
Ойын - ЕББҚ бар балалардың негізгі қызметі болып табылады. Ойын әрекетінің балалар ұжымындағы қарым-қатынасты қалыптастыру, дербестікті, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру, мінез-құлық стереотиптерін қалыптастыру үшін үлкен маңызы бар. Ойын баланың психикалық дамуына, оның жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді.Осы аптада ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған «Ақ бота» арнайы тобында педагог-дефектолог Ю.М Кирчей «Егер сізде бірдеңе ауырса, Айболит сізге көмектеседі» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді, балалар дәрігер мамандығымен танысты. Мұндай тәжірибе балаларды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және қажет болған жағдайда үлкендерден көмек сұрауға үйретеді.