Бүгінгі таңда демократиялық қоғам құрудың басым міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы .Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттер.
"№51 бөбекжайы" КМҚК қызметкерлерін "қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"тақырыбы бойынша ақпаратпен таныстырды.
https://sad51-kst.edu.kz/kz/zhanaly-tar/462-formirovanie-antikorruptsionnoj-kultury-v-obshchestve-2.html#sigFreeId7a432049e3