Арт-терапия – өнерге, ең алдымен шығармашылық әрекетке негізделген психотерапияның мамандандырылған түрі. Арт-терапияның мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын, тактильді сезімдерін дамыту, күйзелістен арылу, жағымды көзқарас қалыптастыру. Арт-терапияның бір саласы –  гуашь терапиясы.

Гуашь терапиясы ол - баланың шығармашылығы мен логикалық ойлауын дамытуға жақсы мүмкіндік.

 «Шаңырақ» ортаңғы логопедиялық тобының балаларымен, алақанды гуашь бояуымен бояп, балалармен әр түрлі жануарлар мен құстардың бейнесін көрді.

Гуашь терапиясы балалардың қиялдары мен ойларын шығармашылықтарын дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар орталық жүйке жүйесінің әртүрлі механизмдерінің жұмысын белсендіреді, қолдың ұсақ моторикасын дамытады. Гуашь ол- композицияның барлық түрін жасауға мүмкіндік беретін бейнелеу өнерінің әдістерінің бірі. Гуашь терапиясын қаламайтын бірде-бір бала болмайды, өйткені гуашь терапиясы балаға үлкен қуаныш пен көңіл күйлерін көтеруге мүмкіндік береді, сонымен қатар балалар ойнау арқылы дамиды.