2021 жылдың 12 қарашасында КМҚК «№51 бөбекжайы» базасында логопедтер мен дефектологтардың әдістемелік бірлестігі онлайн режимде өткізілді.

Оның мақсаты – педагогтардың педагогикалық шеберлігін арттыруып, тәжірибе алмасу.

 Әдістемелік бірлестік жетекшісі педагог-дефектолог Ю.М.Кирчей әріптестерінің назарына 2021 - 2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен таныстырды.

Әдістемелік бірлестік отырысының тақырыбы: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған арт-терапия».

Бұл тақырып келесі бағыттар бойынша қарастырылды:

 «№51 бөбекжайының» педагог-логопеді Вагапова Л.Р. - тыңдаушыларды «Логопедиялық топта арт-терапия элементтерін қолдану» жұмыс тәжірибесімен таныстырды.

«№51 бөбекжайының» мемлекеттік тілде оқыту  тобының педагог-логопеді Кабдирашова А.К. «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға пластилин терапиясын қолдану» ұйымдастырушылық оқу іс-әрекетінің фрагментін ұсынды.

Педагог-дефектолог Кирчей Ю.М. мен тәрбиеші Нургалиева Г.К. «АРТ-терапия элементтерін ерекше білім беруқажеттіліктері бар балаларға қолдану» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен таныстырды.

Әдістемелік бірлестік қорытындысында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлері мен тілектерін білдірді.