Ата-бабаларымыз: «Гүл – жердің көркі» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Ол үшін «Гүл өсіре білесіз бе?» деген сұраққа жауап іздейміз. Жасыл желек патшалығының төресі гүлдер жайлы, олардың құпиялары, сонымен қатар, адамзат өміріне ауадай қажет дәрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына тікелей қатысты гүл ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ізденуге болады.
Раушан тобының балалары бөлме өсімдіктерін куана күтіп баптайды, олар гүлдерді суарады,түбін қопсытады,жапырақтардагы шаңын сүртеді. Өйткені өсімдіктердің бөлмеге таза ауа мен хош иіс әкелетінін, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділік береді.