Денсаулық тақырыбы бойынша, тамыз айының соңғы аптасында, туристік күніңде «Біз экологиялық жолға шығамыз» атты тақырыпқа, балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиеші Естаева К.К мен логопед Кабдирашова А.К ат салысты.
Бұл күні балалар, гүл отырғызып, аула жинақтады. Балалар гүл отырғызуға жақсы көңіл күймен қатысты. Бұл аптада балаларға табиғат адам өміріндегі маңызы зор екендігі түсіндірілді.
Табиғатты аялауға, ағаштарды сындырмауға, қоқыстарды жерге лақтырмауға, құстардың ұяларын бұзбауға тәрбиеленді. Балалар өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, жақсы көңіл күймен гүл отырғызып, аула жинады. Тәрбие тал бесіктен басталады деген-осы.
Өзіңіздің күніңіз «Сіз туралы өзіңізден артық ешкім ойламайды» атты тақырыбында, тамыз айының соңғы күніңде балалармен денелерімізді шынықтырып, әр түрлі жаттығулар жасадық.
Спортпен шұғылдану керек
Денсаулығымыз мықты болу үшін,
Таңертен тұруға ерінбейміз
Жаттығу жасауға тұра қал.
Топтың балалары дене жаттығуларын орындады және оларға қызықты болды. Тәрбиешінің айтқанын қайталап жасады.
«Шапшан және жылдам» ойынын балалармен ойнатылды. Балалардың бәрі қатысты, әрі балаларға қызықты болды. Шынықсан –шымыр боласын, денсаулық өмір кепілі екені туралы балаларға толық мағлұмат берілді.
Тазалық- өмір кепелі. Балаларға даладан кірерде, тамақтың алдында, тамақ ішкеннен соң, қолдарын жуу керек екені туралы түсіндірілді.
Экологиялық ертегілерді оқу тақырыбында. Ертегінің арқасында бала әлемді тек ақылымен ғана емес, жүрегімен де таниды. Және тек танып қана қоймай, қоршаған әлемнің оқиғалары мен құбылыстарына жауап береді, жақсылық пен жамандыққа деген көзқарасын білдіреді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Табиғат патшалығында ол алғашқы сенсорлық тәжірибеге ие, өмірдің өзінен туындаған сезімдерді жинақтайды. Балалар ертегіні тындап, өзерінің жауапкершіліктерін сезінді.
Қорытындылай келе, әр адам өзінің денсаулығын күту керек. Ешкім сенің денсаулығынды күтпейді, өзіннен басқа.
https://sad51-kst.edu.kz/kz/zhanaly-tar/410-densauly-aptasy.html#sigFreeIda02622d33e