Білім күні - жас жүректердің дүрсілі. Бұл күні біреулер мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, мектеп атты зәулім ғимаратқа имене көз тастаса, біреулер университет қабырғасына балмұздақ болып қонақтап жатыр. Бұл күні балалармен бірге мұғалімдер де, ата-аналар да бір жасап қалады.

1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет өз сыныптарының есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!»

Еліміздің әрбір балақаны үшін мектепте орын дайын тұрады. Бізде барлық баланың оқып, білім алуына қақысы бар.

Мектеп білімін игеру де оңай емес. Кейде кітап оқуға зауқың соқпай, одан да серуендегің, ойнағың, теледидар көргің келеді. Әнеки, мектеп дәл осы сәттегі көңілің ауған істі жасауға емес, тиянақты істі тындыруға, қажырлылықпен оқи білуге үйретеді.

Мектеп, демекші, Қостанай қаласындағы №51 бөбекжай балабақшасының «Жидек» мектепалды даярлық тобына Білім күні қонаққа «Почемучка» келіп, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады.  Почемучка өзімен көптеген ойындар, ән мен би ала келіпті. Балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, Почемучкаға рахмет айтып, алғыстарын білдірді.