Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Сондықтан жаз балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру,әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу,әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру,денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың негізгі іс әрекеті ойын іс әрекеті. Ойын – баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты роль атқарады. Ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз, балалар тек ойнап қана қоймайды,сонымен бірге ойлайды,аңғарады,көп нәрсені білуге,зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті.Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі,көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі.Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады».
https://sad51-kst.edu.kz/kz/zhanaly-tar/402-zhaz-y-demalys-jymdastyrudy-ma-yzdyly-y.html#sigFreeId8fb66d0206