3 тамыз күні №51 бөбекжай бақшасында «Жидек» және «Балдырған» ересек топтарының ұйымдастыруымен «Сабын көпіршігі» фестивалі өтті.

 

Фестиваль мақсаты балалардың жағымды эмоционалды жағдайын көтеру  және эксперименттік іс-әрекетке қызығушылығын дамыту, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

 

Мерекеге ортаңғы топ бүлдіршіндері шақырылды. Бүлдіршіндерге сабын көпіршігі елінен қонаққа Сайқымазақ келді. Сайқымазақ өзімен өте көп қызықты ойындар ала келіпті.

 

Сайқымазақ сабын көпіршігін өз қолдарынан қалай жасау керектігін, эксперименттік іс-әрекет арқылы көрсетті.

 

Балалар мерекеде қуатты және жарқын бірегей сезімге бөленді.  Бүлдіршіндер ойынға белсене қатысып, қызығушылықтарын дамытты.  Мереке соңында аспанға мыңнан аса сабын көпіршіктері ұшты. Мереке өте қызықты өтті.