Жер-Ананы жасыл етіп сақтайық

 

Жер - Ана, Табиғат, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар.
Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз Жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін , табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсініктерін үнемі кеңейтіп отыруға міндеттіміз.

Жер - Ананы жасыл етіп сақтау үшін қоршаған ортаны көгалдандырудың маңызы зор екенін түсініп, «Балапан» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері де өз үлестерін қосқалы отыр.

Бүгінгі таңда адамзат баласының алдындағы ең басты мәселе - өзімізді қоршаған тіршілік ортасын, келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу.