«Ертегілер әлемі»

№51 бөбекжай бақшасы әр күн сайын қызықты және көңілді оқиғаларға толы. Бақша ішіндегі тәрбиешілер сиқыршы сияқты  баланың әр күнің таңғажайып күнге өткізуге тырысады.  Барлық балабақшалардағы сияқты біздің балабақшада да режимдік іс-әрекеттер және жоспарланған білім беру қызметі бар.  Балабақшадағы екінші жарты күні балалар үшін өте қызықты уақыт болып саналады. Бұл уақытта балалар сюжеттік-рөлдік ойындар немесе театрлық қойылымдар қоя алады. 08.04.2021 жылы мектепалды даярлық «Балапан» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналады. Балалар ертегі сахналаған қатты ұнады. Ертегідегі кейіпкерлердің орында болу балалар үшін өте қызықты болды. Ертегі сахналау балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, сонымен қоса тілдерін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеулерін дамытады.