Сен, мен, біз – табиғаттың достарымыз бәріміз- экологиялық жобаның маңызы.

Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екені мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

№ 51 бөбекжай-бақшасында «Раушан» ортаңғы тобында «Сен, мен, біз- табиғаттың достарымыз бәріміз» атты экологиялық жоба басталды. Қатысушылары ретінде- тәрбиешілер, ата-аналар және балалар. Жобаның негізгі мақсаты: қазіргі таңның негізгі мәселелерінің бірі- ауаның ластануы. Біздің міндетіміз табиғаттың гүлденуіне, көгалдандыруға өз үлесімізді қосу болып табылады. 6-сәуір күні «Раушан» тобының балдырғандары өз қолдарымен балабақша ауласын көгалдандыруға дайындық ретінде гүлдер отырғызды. Табиғат – қызықты да тамаша әлем. Ол баланы көптеген дыбыстарымен, алуан-түрлі хош иістерімен, жүздеген сыры мен жұмбақтарымен қарсы алып , қоршаған ортасына зейінмен қаратады, тыңдатады және ойландырады.

Адам табиғаттың бір бөлігі, онымен өзара әрекеттесуінсіз адамның өмірі құнды болуы мүмкін емес.

Табиғаттың арқасында дамып, өсіп келе жатқан жас ағза ақырындап күш пен денсаулықты жинақтайды. Табиғат әлемі мен қозғалыс әлемі бірлесе келе , психологиялық жайлылық күйінде баланың жан-жақты дамуының үлкен құралына айналады.

Белгілі педагог Ян Амос Каменский былай жазды:

«Адамды оқытқанда, мүмкіндігінше білімді кітаптардан емес, аспан және жерден, емен ағашы және ғәріптерден, яғни басқа біреудің бақыламалары мен түсініктерін оқып қана қоймай, өздерінің көріп-ұстаған заттарын зертей отырып оқып, үйрену қажет».