Математика негізінің бір бөлігі – ТИКО ойыны
Мектепке дейінгі мекемедегі заманауи білім беру процесі баланың танымдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағытталған. Бұл бағытқа ерекше мән беріледі, өйткені танымның арқасында ойлау процестері қалыптасады, сенсорлық тәжірибе байиды және мектеп жасына дейінгі баланың қабілеттері дамиды. Танымдық іс-әрекет психикалық процестерді дамытудың негізі болып табылады: зейін, есте сақтау, қабылдау, ойлау және сөйлеу.
Танымдық іс-әрекет құрылымында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл бағыт балалардың сенсорлық және интеллектуалды дамуы үшін үлкен маңызға ие.
Алайда, мектеп жасына дейінгі балалар әрдайым математикалық ұғымдарды, іс-әрекеттерді және қарым-қатынасты еркін меңгере бермейді. Бұл мәселені шешуге түрлі ойын нұсқаулықтары көмектеседі, атап айтқанда - көпфункционалды конструктор TИKO (көлемді модельдеудің трансформацияланатын ойын конструкторы).
TIKO мектепке дейінгі жастағы балаларға математикалық ұғымдарды оңай меңгеруге және ойын түрінде логикалық әрекеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге TИKO ойыны мемлекеттік білім беру стандартының барлық талаптарына сәйкес келеді, атап айтқанда:
- Оқытушылық - ойын барысында алған білімдерін пайдалануға немесе қолдануға мүмкіндік береді. TИKO-мен ойнағанда, бала нәтиже алуға (қосылуға, жинауға, өлшеуге), үлгілермен жұмыс істеуге (түрлендіруге) ұмтылысын жүзеге асырады.
- Дамытушылық - қабылдауды, қиялын, есте сақтау қабілетін, зейінін, математикалық қабілеттерін дамыту, сөйлеуді дамыту.
- Тәрбиелік - конструктор баланың белсенділігінің дамуына, өзін-өзі жүзеге асыруға, коммуникативті қасиеттерінің дамуына, өз іс-әрекетін жоспарлай білуге және нәтижеге жетуге ықпал етеді.
https://sad51-kst.edu.kz/kz/zhanaly-tar/345-matematika-negizini-bir-b-ligi-tiko-ojyny.html#sigFreeIdfd5daf318b