Сюжетті –рөлдік ойынның бала тәрбиесіндегі алатын орны

Мектепке дейінгі шақ- бала бойына рухани адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтын да бала бойына жас кезінен бастап жоғары руханилық құндылықтары: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік, өмір мәні, т.б. қалыптастыру педагогтардың және ата-аналардың міндеті.

Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді.

Сюжетті-рөлдік ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, сезімін оятып, рухани- адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық құндылықтарын дамыта отырып,мейірбандылық, жасылық жасай білуге тәрбиелеу. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін-өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.

«Балапан» мектепалды даярлық тобы «Жедел жәрдем, дәріхана, ауруханадағы тіркеу бөлімі» сюжетті-рөлді ойынын ұсынады.

Мақсаты: Ойын үстінде баланың қызығушылығын туғызып, сезімін ояту.  Рөлдерге бөліну барысында танымдық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.