Балабақша өміріндегі қызықты да тамаша іс – әрекеттер.
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы ауысқан: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Баланың балабақшада күні қызықты өтуіне және дамуына әртүрлі қызықты іс-әркеттер жүргізіледі. Мысалы: «Балапан» мектепке даярлық тобында «Таным» және «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Құрастырудан» және «Аппликациядан» ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. Негізінен балабақшада ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті күнде өз уақытымен сабақ кестесі арқылы өткізіледі. Балабақшада күн тәртібі уақытына сай далаға серуенге шығады. Қыс мезгілінде серуенге шығу ауа-райына байланысты болады. Балалар қарапайым еңбек түрлерімен айналысады. Соның бірі гүлге күтім жасау. Гүлдің топырағын қопсыту, су құю, жапырағының шаңының сүрту. Осындай қарапай еңбек түрлерін балабақша табалдырығында өтіледі. Балабақшада балалар әр күні әртүрлі қызықты іс – әрекеттермен айналысады.
https://sad51-kst.edu.kz/kz/zhanaly-tar/298-balaba-sha-mirindegi-yzy-ty-da-tamasha-is-reketter.html#sigFreeIdd471035287