Баланы туған қаласымен мақсатты түрде таныстыру оның патриотизмін қалыптастырудың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы керек. Себебі баланың отанға деген құрмет сезімі туылған және тұратын жермен байланысты. Тәрбиешілер мен ата-аналардың міндеті – отанды құрметтеу, мақтан ету сезімін тереңдету, өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге өзіне жақын және қымбат айналадағы ортадан көре білуге көмектесу. Ол қала көшелері, саябақ, күн сайын достарымен ойнайтын аула, екінші болып есептелетін балабақша…..
Төрт жасар бала өз көшесінің атауын және баратын балабақшасының мекен-жайын біледі. Бес және алты жас аралығындағы балалардың назарын жақын көшелерде орналасқан ғимараттарға — мектеп, кинотеатр, кітапхана, пошта, дәріхана, әмбебап дүкен, шаштаразға аудару, олардың атаулары туралы айту, мұның бәрі адамдарға ыңғайлы болу үшін жасалғанын атап өту пайдалы. Мектеп алдыдаярлық «Балапан» тобының үш айға созылған жоба Маяковский көшесіне байланысты болды. Жобаға топ ата-аналары да ат салысты. Олар балаларымен Маяковский көшесінде орналасқан ғимараттарға серуен жасап, фото-суреттерге түсіп келді. Жобада көшеде орналасқан ғимараттар жөнінде ғана емес, атақты ақын В.В Маяковскийдің өмірбаянымен және балаларға арналған шығармашылығымен таныс болдық. Әр бала өзінің тұратын қаласы және көше атауын білу керек. Балаға көше атауы кімнің құрметіне немесе ненің құрметіне аталғаның түсіндіру пайдалы.